Байып кету үшін өлілерді разы етуіміз керек пе?

Біздің қазақ қызық қой. Кедейліктен қатты қорқады. Байып кетудің түрлі жолдарын іздестіруге құмар-ақ. Осы мақсатына жету барысында өзін жоқтан бар етіп жаратқан Жаратушы Алланы да елемей кететін кездері көп. Әу баста, байлық пен жақсы өмірді Алладан сұрауымыз керек болатын. Қазір ол қағида өзгерген. Өзгергенін көз көрген. Меніңше ол мәтел “Алла разы болмай, пенде байымайды” деген мәтінде болуы тиіс еді. Арада жүрген (кеңес үкіметі тұсындағы) бір қулар оны “өлі разы болмай, тірі байымайды” деген мәтінге ауыстырып жіберген сыңайлы. (жорамал ғой, анығын Алла біледі)

Мәселеге жақын келейікші: Сонда бізді кедейліктің қыспағынан алып шығып, бізге дәулет беретін зат - өлілер болып тұр ма? Мұны қалай түсінуге болады? Сонда Құдай қайда қалды екен? Бұл сипат Аллаға ғана тән сипаттардың бірі еді ғой! Алладан өзге ешбір зат мұндай сипатқа иелік ете алмайды емес пе?

Алланың ғана істей алатын ісін Алланың жаратқан махлұқтары да істей алады деп сенсек, онда Аллаға серік қосқан болып есептелмейміз бе? Ал Аллаға өзге затты ортақ етер болсақ - мұнымыз кешірілмес күнә.

1 пікір »

  1. Askhat said,

    Мамыр 9, 2008 @ 8:39 түстен кейін

    Ассалаумағалейкум, Кәрім!
    Бізде “өлі разы болмай, тірі байымайды” деген сөзді қазір қайтыс болған адамды соңғы сапарға сән-салтанатпен, өзгелердің алдында ұят болмайтындай (болмаса беделін көтеру мақсатында) етіп жөнелту жоралғысындағы ысырапшылдықты (ислам құптамайды) ақтап алу үшін пайдаланатын жағымсыз үрдістің қалыптасып келе жатқаны рас. Бірақ “Өлі разы болмай, тірі байымайды” деген мәтелді өлімге құрмет деп түсінемін. Яғни жалған дүниені естен шығармау. Өлі адамның соңынан жаман сөз ертпеуге қатты мән беретінін жақсы білесіз.
    Әу бастан діншіл болған халықтың (жалпы қазақ халқында) материалдық игілікті алдыңғы орынға қою өте-мөте сирек кездеседі.
    Өлімге құрмет (қайтыс болған адамға емес), ақиретке илану болмайынша адамның бұл дүниедегі ісі оңға баспайды деген мағына жатыр деп білемін.
    Тақырыптан тыс:
    Өлім мәселесіне қатысы қазақ танымында сөз көп.
    Мәселен:
    Қайтыс болды, қайтты - келген жеріне қайтты (дін тұрғысына сауатты),
    Бақилық болды - арапша мәңгілік (тіпті мәңгі-бақи тіркесі де бар)
    Бейіт (син. мола, қабір, ) - арабша үй (қияметке дейінгі үй)
    Өлімге қатысы қырын кеткен ырымдар бізде өлім ғұрпына қатты мән бергендіктен пайда болды д.о. Анығын Аллаһ біледі.

RSS feed for comments on this post · TrackBack URI

Leave a Comment