Нанды басамыз ба Құранды ма, қайсысын таңдар едіңіз?

Кеше аудармада отырып, бір ақиқатқа жеткендей болдым. Санамызда пайда болған (анығын айтсақ, “біреулердің” ықпалымен санамызға тықпаланған) бір шиеленіскен жалған қағиданың шешімін таптым. Біздің қазақтарда “Нанды басып Құранды алма, Құранды басып нанды ал!” деген ұғым бар, оны барлығымыз білеміз. Бір қызығы -алғашында ол “тауықтан жұмыртқа пайда болды ма, әлде жұмыртқадан тауық па?” деген секілді елеусіз болып көрінгенімен, астарында үлкен сенім мәселесі жасырын тұр екен.Әуелгі бастауы “Құран махлұқ (жаратылған) па, махлұқ емес пе? (яғни Құран Алланың жаратқан нәрсесі ме әлде сөйлеген сөзі ме?)” деп басталған бұл тартыстың соңы осындай келеңсіздіктерге әкеліп соқтырған. Арамыздағы кейбір қарияларымыз нанды қадірлеу мәселесін шектен шығара дәріптеп жібергені байқалады. Әрине Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-нан: “Нанды қадірлеңдер!” деген хадис жеткен көрінеді (хадистің дұрыс-бұрыстығын әлі ажыратқан жоқпын). Яғни Ислам шариғатында Алланың берген ризығын шашпау, үнемдеп жеу, аяқ асты етпеу деген ұғымдар бар екен. Бірақ оны біздің қазекең шекетен шығара тәпсірлеген көрінеді.

Ақиқатына келсек, нанды басып Құранды алып жатқан, немесе Құранды басып нанды алып жатқан адамдар байқалмайды. Енді осындай адамдар бар болған жағдайда оны қалай түсінуге болады? Осы ақиқатқа жеткен тәріздімін. Тыңдаңызшы, жоғарыда Құран тұр. Қанша секірсеңіз де қолыңызды жеткізе алмай жатырсыз. Құран - Алланың сізге көрсетіп берген өмір жолы. Оны оқымасаңыз адасасыз. Адасуыңыздың арты сізді мәңгілік тозаққа түсінуі ықтимал. Яғни, Құранды міндетті түрде алуыңыз керек болып тұр. Жан-жағыңызға көз саласыз. Бөлмеде орындық не сол секілді нәрселер жоқ. Бірақ бес-алты қатқан булка нан бар екен. Не істейсіз? Құранды оқымасқа болмайды. Нандарды бірінің үстіне бірін қалап қойып, әлгі жоғарыдағы тұрған Құранды алып оқисыз. Не болды? Ештеңе де болған жоқ! Қолыңызда Құран да тұр, жейтін наныңыз да бар. Екеуіне де қолыңыз жетті.

Екінші вариант: жоғарыда (қол жетпейтін жерде) нан тұр. Одан басқа наныңыз жоқ. Көп әрекет жасап көрдіңіз. Қол создыңыз, секірдіңіз. Болмады. Нанды ала алмадыңыз. Жан-жағыңызға көз тастадыңыз. 5-6 Құран кітабы бар екен. Мәселеге енді келдік. Назар салыңыз. Егер әлгі Құран кітаптарын бірінің үстіне бірін қойып биіктетіп, жоғарыдағы нанды алатын болсаңыз, сіздің ішіңізге жын кіреді (жынданасыз). Неге? Алғашқы вариантта нанды басу арқылы ештеңе де болған жоқ еді, ал мына екінші вариантта сіз Алланың сөзі - Құранды басуыңыз арқылы күпірлік іс істедіңіз. Жын сіздің осы істі істеуіңізді күтіп жүрген еді. Жын дегеніне жетті. Сол сағаттан бастап, сіздің ішіңізде жын бар деп есептей беріңіз.

1 пікір »

  1. к said,

    Мамыр 11, 2008 @ 10:58 түске дейін

    Сонда өз-өзін аштан өлтіру керек пе? Өз-өзін өлтіру ауыр күнә емес пе еді?

RSS feed for comments on this post · TrackBack URI

Leave a Comment